×

Шавкат Рахмонов UFC-дегі 4-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Осылайша Шавкатта 16 жекпе-жекте 16 жеңіс бар

 Халық үні 26.06.2022 | 11:17
Фото: ашық дереккөздерден

27 жастағы қазақстандық файтер UFC Vegas 57 турнирінің басты жекпе-жегінде АҚШ спортшысы Нил Магниді 2-ші раундта жеңді.

Шавкаттың қарсыласы 34 жастағы америкалық Нил Магни соңғы жекпе-жектерінде қатарынан екі жеңіске жеткен еді. Алайда ол қазақстандық спортшыға ұтылып, қазір UFC-де 19 жеңіс пен 8 жеңіліспен келеді. Оның жалпы рекорды — 26-9.

Бұған дейін Шавкат рейтингтің 15-ші орнында, ал Магний үздік ондықта еді. Енді жаңа рейтингте Шавкат Рахмонов өз салмақ дәрежесінде 10 үздік спортшының қатарына енетін болды.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық файтер Сергей Морозов-тың UFC Vegas 57 турнирінде жеңіске жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама