×

Сергей Морозов UFC Vegas 57 турнирінде жеңіске жетті

33 жастағы Морозов UFC-де төрт жекпе-жекте екі рет басым түсті, барлығы ММА-де 18 жеңіс пен 5 жеңілісі бар

 Халық үні 26.06.2022 | 10:21
Фото: ашық дереккөздерден

 Қазақстандық файтер Лас-Вегаста өткен UFC on ESPN 38 турнирінде Бразилиялық күрескер Раулиан Пайвамен жекпе-жек өткізді

Осылайша 33 жастағы қазақстандық спортшы UFC-де төрт рет кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті. Жалпы Сергей Морзов ММА-да 18 жекпе-жекті жеңіспен аяқтап, 5 рет жеңіліс тапты.

Морозовтың қарсыласы Раулиан Пайва осы жекпе-жектің алдында американдық Шон О ' Мэлиимен кездесіп, бірінші раунда-ақ нокаутқа кеткен болатын. Ал осыдан екі жыл бұрын Пайва қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен (14-7) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес жеңіске жетті.

Бұған дейін Сергей Морозовтың бразилиялық Дуглас Сильва де Андрадеге (28-4-1) есе жібергенін жазған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама