×

«Ердоған мен Путинді ұмытып, Сара Алпысқызымен саябақта жүр»: Шораев Назарбаевқа кеңес берді (ВИДЕО)

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды... 

 Халық үні 26.06.2022 | 06:43

Қос билік Қазақстанға ешқандай жақсылық әкелмейді. Сондықтан Назарбаев сөзінде тұрып, зейнетке кетуі тиіс. Қоғам белсендісі Арман Шораев «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді.

Жүргізушінің «Біздің экономикаға, саясатқа Елбасының ықпалы бар ма? деген сауалына «әрине бар және ол еліміздің болашағы үшін ешқандай жақсылық әкелмейтін нәрсе» деп жауап берді

«Өйткені екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды дейді ғой. Шынымен Нұрсұлтан Әбішұлы қаңтар оқиғасынан кейін 2-3 жұмадан кейін айтты ғой – мен қатардағы зейнеткермін деп. Егер де зейнеткер болсаң Ердоғанды ұмыт, Путинді ұмыт. Сара Алпысқызымен саябақта жүр» – деп кеңес береді Шораев Назарбаевқа.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама