×

БҚО-да суға ағып кеткен баланың мәйіті үш күннен кейін табылды

Бала Шалқар көлінде ағып кеткен

 Халық үні 25.06.2022 | 22:40
фото: ТЖД

Батыс Қазақстан облысында Шалқар көлінде ағып кеткен 8 жасар бала үш күннен кейін табылды. Бұл туралы облыстыш ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

ТЖД мәліметінше, 25 маусым күні сағат 15:50-де баланың денесі Теректі ауданы Рыбцех пен Шалқар ауылдарының арасында көл жағалауынан табылған.

«Баланы іздестіру жұмыстарына ТЖД күштерімен қатар, жергілікті тұрғындар, еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі кезде сараптама тағайындалды. Соның қорытындысына сәйкес өлімнің себебі анықталады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да көлде жоғалып кеткен 8 жасар бала мен оның атасы ұшақпен іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама