Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралды - ХВҚ
Халықаралық валюта қоры сарапшылары ҚР экономикасының болашағына қатысты болжамын айтты
Үкімет басшысы Асқар Мамин Қазақстан бойынша миссия басшысы Николя Бланше бастаған Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшыларымен келіссөз жүргізді.
Үкімет басшысына Қазақстандағы экономикалық ахуал, сондай-ақ пандемия салдарын төмендету және халық пен бизнесті қолдау бойынша ҚР-да жүргізіліп жатқан саясат бойынша ХВҚ-ның сараптамалық бағалауы мен болжамы таныстырылды.
Сараптамалық бағалау бойынша, биыл 10 айда Қазақстанда нақты жалпы ішкі өнім өсімінің оң динамикасы және өндіріс көлемінің пандемияға дейінгі деңгейге оралғаны айқындалған.
ХВҚ сарапшыларының болжамына сәйкес, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ҚР экономикасының өсу қарқыны 3,7%-ға жетеді.