Қазақстанда мәдениет ұйымдарындағы қызметкерлердің еңбекақысы өседі
Жоба Үкіметте мақұлданды
Еңбекақының 75 пайызға өсетінін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың министрлікке бағынысты ұйымдар ұжымдарымен кездесуі барысында айтылды. Мәліметке сүйенсек, бүгінде Қазақстанда ұлттық мәртебесі бар 5 мәдени ұйым бар. Олар:
- Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры,
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі,
- Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры,
- Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры,
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.
Осы ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысына жаңа коэффициент қолданылатын болады. Мысалы, 7-10 жылдық еңбек өтілі бар артистер қазір 217 129 теңге алады, ал 1 шілдеден бастап олардың еңбекақысы 379 977 теңге болады, — делінген министрлік ақпаратында.
Сондай-ақ, шара барысында тек еңбекақы ғана емес, алдағы уақытта мәдени нысандардың материалдық-базасын жақсартып, қайта жаңғырту жұмыстары жүретіні де айтылды.