×

Қазақстанға келу үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймын - Кеосаян мәлімдеме жасады

Ол қара тізімге енгенін өте күлкілі жағадайға теңеп отыр

 Халық үні 25.06.2022 | 10:21
Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстанға сес көрсеткен ресейлік режиссер, тележүргізуші Тигран Кеосаян қандай да бір шектеулерге қарамастан Қазақстанға келетінін мәлімдеді.

Тигран Кеосаянның мәлімдемесі Газете.Ru ақпараттық сайтында жарияланды. Онда ресейлік режиссер Қазақстан билігінің шектеуіне бас қатырмайтынын, түбі ешқандай шектеуге қарамастан келетінін айтқан.

Бұл күлкілі. Мен журналист ретінде олардың әлсіз тұсын тырнап өткен сияқтымын. Бірақ мен түбі өзімнің кеңестік Қазақстаныма келемін. Тағы да қайталаймын, туып-өскен Қазақстанға бәрібір келемін. Оған биліктен рұқсат та сұрамаймын, — деген ол.

Еске салайық, бұған дейін Кеосаян Қазақстанға қаратып даулы мәлімдеме жасаған еді. Кейін ел билігі оны мәлімдемесінен кейін елімізге кіруге тыйым салынған азаматтар тізіміне енді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама