Балалар арасындағы белгісіз гепатит: ауырғандар саны 1000-ға жуықтады
18 бала көз жұмды, 45 балаға орган трансплантациясы қажет.
Шығу тегі белгісіз гепатитті 920 бала жұқтырды.
2022 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша ДДҰ-ның бес аймағындағы 33 ел балалардағы этиологиясы белгісіз ауыр жедел гепатиттің 920 жағдайы тіркелген, - делінген ДДҰ хабарламасында.
Ұйымның мәліметінше, ауру жұқтырған 18 бала көз жұмды, 45-іне орган трансплантациясы қажет болды. Белгісіз гепатит ауруының жартысы Еуропа елдерінде анықталғаны хабарланды.
Кішкентай балалар арасында белгісіз гепатиттің өршуі туралы алғаш рет сәуір айында Біріккен Корольдік хабарлаған, кейін он жасқа дейінгі балаларда осындай он жағдай тіркелген.
ДДҰ мәліметтері бойынша, тіркелген жағдайлардың көбінде эпидемиологиялық байланысы жоқ.