Вакцина болмағанда әлемде короннавирустан 31,4 миллион адам қайтыс болар еді
Бұл туралы биология және медицина саласындағы ең беделді ғылыми басылымдардың бірі – британдық The Lancet журналында жарияланған
Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналынан мәлім болды.
Каналдағы мәліметтерге қарағанда, бұл туралы биология және медицина саласындағы ең беделді ғылыми басылымдардың бірі – британдық The Lancet журналында жарияланған. Жаңа зерттеуге сәйкес, әлем халқын вакциналау 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың желтоқсаны аралығында 20 миллионға жуық адамның COVID-19 салдарынан болуы ықтимал өлім жағдайларының алдын алды.
Математикалық модельдеуге сүйене отырып, зерттеушілер вакциналау бүкіл әлем бойынша өлім санын екі есеге азайтты деген қорытындыға келді. Сарапшылардың пікірінше, вакцинациясыз әлемде коронавирус инфекциясынан 31,4 миллион адам қайтыс болар еді, - делінген хабарламада.