×

Семей қаласының тұрғыны өз үйінде мина жасырған

Сонымен қатар пәтерден 16 мм калибрлі БМ үлгісіндегі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді

 Қанат Атаманов 24.06.2022 | 23:00
Фото: ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысы орталығындағы тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен мен Семейдің екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түседі.

Тәртіп сақшылары мен ҚАЖД 156/1 ОВ қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғынының өз үйінде танкке қарсы қолдануға арналған ТМ-62М минасын жасырғаны анықталды.

Сонымен қатар пәтерден 16 мм калибрлі БМ үлгісіндегі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Ер адамдарды қару алуға рұқсат құжаты болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды, - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодекстің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама