×

Дзюдошы Абиба Әбужақынова Моңғолияда жарыста құрама қоржынына қола жүлде салды

Аталмыш жарыста ел құрамасының 20 өкілі бақ сынауда

 Қанат Атаманов 24.06.2022 | 19:30
Фото: ашық дереккөздерден

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан дзюдодан «Grand Slam» турнирінде ел құрамасы қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Турнирде 48 келі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясы атынан сынға түскен Сабина Гильниязованы жеңіп, жарыстың қола жүлдесін алды.

Халықаралық турнир бүгін, 24 маусымда жалауын көтерді. Аталмыш жарыста ел құрамасының 20 өкілі бақ сынауда.

Айта кетсек, аталмыш турнир Халықаралық дзюдо федерациясы күнтізбесіндегі 2024 жылғы Париж Олимпиадасына арналған алғашқы рейтингілік жарыс болып табылады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама