10 мыңнан 300 мың теңгеге дейін пара алып келген
Шығыс Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері сыбайлас жемқорлық үшін сотталды деп хабарлады YK-news.kz.
Олар жүйелі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін кінәлі деп танылған. Себебі жүк тасымалдаушылардан жалпы меценаттық, облыс бойынша еркін жүріп-тұру және көліктік бақылау пунктінен өту мүмкіндігі үшін 10 мыңнан 300 мың теңгеге дейін пара алып келген көрінеді.
«Сонымен қатар, талдау барысында көліктік бақылау инспекторлары тексеру іс-шаралары кезінде бейнежазба тәртібін сақтамағаны анықталды. Атап айтқанда, инспекторлар барлық дерлік жағдайда көлік құралын тоқтату және қажетті құжаттарды талап ету процесін ғана тіркеген. Бақылау процедурасының өзі жазылмаған. Ал қолда бар 289 бейнежазбаға сәйкес, мерзімі мен уақытының сәйкессіздігі анықталды», - деп хабарлады ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.