×

Кәсіпқой бокс: Жан Кособуцкий жеңістен кейін мәлімдеме жасады

Ол WBC International титулын жеңіп алды

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2022 | 15:35
фото: sports.ru

Ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий WBC International титулын жеңіп алды.

Ол франциялық Йохан Дюопамен жекпе-жекте алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Дюопа кездесуді әрі қарай жалғастырудан бас тартты. Осыдан кейін Кособуцкий мәлімдеме жасады.

«Өткен айқас туралы қысқаша айтсам, нәтижесі міне, осы! Жаңа титул, жаңа тарих! Біз мақсатымызға жету үшін әрі қарай жүре береміз! Құттықтауларыңызға рахмет! Жекпе-жек алдындағы және одан кейінгі тілектеріңіз үшін бәріңізге мың алғыс! Алаңдап, жанкүйер болып, жекпе-жекті күтіп, ұйықтамағандардың бәріне және ұйықтап қалғандарға да рахмет», - деді ол Instagram желісінде. 

Жан Кособуцкий кәсіпқой бокста ауыр салмақта қолғап түйістіріп жүрген боксшыларымыздың бірі. Ол 1988 жылы бұрынғы Торғай облысының орталығы Арқалық қаласында туған. Әкесі – беларусь, анасы – қазақ. Қазаққа жиен болып келетін боксшы спорттың осы түірмен бала кезінен бері айналысып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама