Ол бұған дейінгі барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған
Қазақстандық боксшы Иван Дычко Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, аргентиналық Кевин Эспиндоланы өз алаңында қапы қалдырды.
Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және ол соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде Иван Дычко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі. Ал Кевин Эспиндола мансабында 4-ші рет жеңіліп отыр.
Еске сала кетсек, Иван Дычко бұған дейінгі барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Ал биылдыққа шаршы алаңға алғаш рет шығып тұр.