×

Иван Дычко кәсіпқой бокста 12-ші қарсыласын жеңді (ВИДЕО)

Ол бұған дейінгі барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған

 Еркеғали Болатұлы 24.06.2022 | 13:44
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Буэнос-Айресте өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, аргентиналық Кевин Эспиндоланы өз алаңында қапы қалдырды.

Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған және ол соңына дейін жалғасты. Нәтижесінде Иван Дычко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі. Ал Кевин Эспиндола мансабында 4-ші рет жеңіліп отыр.

Еске сала кетсек, Иван Дычко бұған дейінгі барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Ал биылдыққа шаршы алаңға алғаш рет шығып тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама