×

Ресей терроризмді демеуші ел деп танылды

АҚШ Сенаты қарар қабылдады

 Дастан Жұмабекұлы 24.06.2022 | 12:54
фото: ua.news

АҚШ-тың қос палатасына Ресейді терроризмді демеуші ел деп тану туралы қарардың жобасы ұсынылды.

Бұл резолюцияны АҚШ Сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитеті қабылдады. Енді ол Ақ үйге жіберіледі.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми түсініктемесінде айтылғандай, лаңкестікті қаржыландырушы мемлекет санкциялардың негізгі 4 санатына ілігеді. Біріншіден, шетелдік көмек шектеледі. Екіншіден, қорғаныс өнімдерін сатуға және экспорттауға тыйым салынады. Үшіншіден, қосарлама мақсаттағы тауарлардың экспортына бақылау енгізіледі. Төртіншіден, түрлі қаржылық және басқа да шектеулер жасалады.

Бұдан басқа, терроризмді демеуші мемлекеттің өзге  елдермен қарым-қатынасы шектеледі. Дүниежүзілік банк және басқа да қаржылық ұйымдар мұндай статусы бар елге кредит бермейді. Сонымен бірге оның одақтасына қаржылай көмек беруден де аяқ тартуы мүмкін. 

Терроризмді демеуші мемлекеттің тіпті елшілерінен дипломатиялық иммунитет алып тасталуы мүмкін. АҚШ бұл «қара тізімдегі» елдердің үкіметтерімен арада қаржылық операция жүргізуге тыйым салады.

Қазіргі кезде тізімде Куба, Иран, Солтүстік Корея мен Сирия бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Бейнекамераға түсірмеуді өтінді»: Атырауға бір топ ресейлік келді

Пойыздан түскендердің ішінде астрахандық қазақтар да бар: 
25.09.2022 | 07:40

Алматылық әйелдің шотынан 5 мың доллар шешіп алған екі жігіт видеоға түсіп қалған

Банк қызметкерлері әйелге хабарласып, шотынан 5 мың доллардан астам қаражат шешілгенін айтқан
25.09.2022 | 06:30

Синоптиктер келесі аптада елордада қар түсетінін хабарлады

29 және 30 қыркүйекте күндіз 8 градусқа дейін жылынады, түнде алғашқы аяз түседі
25.09.2022 | 00:33

Мобилизациядан жалтарған ресейліктер Қазақстанның қай өңірлеріне жаппай келіп жатқаны белгілі болды

Ең көп жиналу Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады
24.09.2022 | 23:45