Кеосаян Қазақстанда террористер қатарына кірді
Бұл туралы ақпарат еш жерде жарияланбаған
Қазақстанда ресейлік пропагандист Тигран Кеосаян террористер қатарына кірді. Бұл туралы Қазақ телеграф агенттігіне өзін таныстырмауды жөн көрген азамат хабарлаған.
Кеосаян аты-шулы мәлімдемелерінен кейін бірден террористер қатарына кірді. Сол кезде оған Қазақстанға кіруге тыйым салынған болатын. Бұл тізімде Кеосаяннан басқа да террористер бар. Олардың бәріне елімізге кіруге заң жүзінде тыйым салынған, - деді ол.
Оның айтуынша, бұл тізім туралы ақпарат еш жерде жарияланбаған. Өйткені, билік бәрінің атын атап, түсін түстеп айта бермейді. Оның қажеттігілігі де жоқ.