×

Қарағанды облысында 1089 гектар жер жанып кетті

Өртті сөндіруге 2 тікұшақ, 45 техника жұмылдырылған

 Дәурен Ерболат 24.06.2022 | 11:53
Фото: Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарқаралы ауданында 200-ден аса адам өртпен күресіп жатыр, деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында Қарағанды облысының ТЖД, өртке қарсы ерікті құралымдар, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, полицейлер, «Алтай Полиметалы» компаниясының жұмысшылары мен құралдары, жалпы 233 адам мен 45 техника жүр. Өртті сөндіру үшін Төтенше жағдай министрлігіне тиесілі 2 тікұшақ 70 рет әуеден су шашқан.

Бүгінде тілсіз жаумен күресу үшін жедел штаб ұйымдастырылды.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 1089 гектарды құрайды. Таулы-жартасты жерлер, су қоймаларының және қатты желдің болуы өртті сөндіруге қиындық тудырып отыр, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама