«Енді аптап ыстық болады»: америкалық «ХИМАРС» қуатты қару Украинаға жетті
Әскери техника 300 шақырым жердегі нысанды жоя алады
![](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2022/06/24/62b54dd8e6c16424706686.jpeg)
Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников хабарлады.
Биыл Ресей басқыншылары үшін қайнаған жаз болады. Олардың кейбіреулері үшін соңғы жаз болуы мүмкін, - деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
«ХИМАРС» қаруы 90-жылдардың соңында жасалған АҚШ-тың жоғары мобильді реактивті жүйесі. Жүйе басқарылатын және басқарылмайтын зымырандарды атуға арналған. «ХИМАРС» қаруы 300 шақырым жердегі нысанды жоя алады.