Қарағандыда 6 көмір қоймасы өртеніп кетті
Қапыда барынан айрылған тұрғындар не істерін білмей дал
Қойма көпқабатты үй тұрғындарына тиесілі. Бұл үйшіктер 80 жыл бұрын көпқабатты үйдің қоймасы ретінде салынған.
Үйде негізінен зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасылар тұрады. Енді олар төтеннен келген тілсіз жаудың кесірінен қыста жағуға жинаған отынымен қатар, дүние-мүліктерінен де айырылды. Өрттің неден болғаны әзірге белгісіз. Ал қапыда барынан айрылған тұрғындар не істерін білмей дал.
«Қарағанды қаласы, Лиза Чайкина көшесі, 160-үйдің алдында орналасқан 6 қора жанды. Жалпы өрттің көлемі 220 шаршы метр болды. Өртті сөндіруге 27 қызметкер және 6 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», - деді қалалық ТЖБ бастығының орынбасары Асхат Мақанов.