Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап көтерілді
Вице-премьер Ералы Тоғжанов зейнет жасын қысқарту мәселесі әлі де талқыланып жатқанын айтты.
«Мәселе талқыланып жатыр, мен бұл туралы айттым», – деп жауап берді Ералы Тоғжанов үкімет отырысында.
Вице-премьер жыл соңына дейін Әлеуметтік кодекс қабылданып, оның аясында зейнет жасын қысқарту мәселесі қаралатынын атап өтті.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 60 жас алты айға дейін ұлғайды. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап көтерілді. Демек, 2027 жылға қарай ол ерлердегідей 63 жасқа жетуі керек.