Halyq Uni логотип
×

Бүгін аспанда ерекше құбылыс болады

 Астрофизиктердің бұл ерекше құбылыстың 18 жылдан кейін қайталанатынын айтты

 Халық үні 23.06.2022 | 22:37
Бүгін аспанда ерекше құбылыс болады
фото: ашық дереккөзден

Маусымның 23-нен 24-не қараған түні астрономиялық ерекше құбылыс - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн планеталарының шеруі өтеді.

Azattyq Ruhy сайтының жазуынша, күн жүйесінің 5 планета шығыс пен солтүстік-шығыстан доға түрінде созылып, аспан сферасында тізіліп тұрады. Мұны бейресми түрде платеналар шеруі деп атайды.

Нептун мен Уран планеталары да «шеруге» қатысады, дегенмен олар алыста және көмескі болғандықтан оларды көзбен көру мүмкін емес.

Қазақстандықтар бұл құбылысты маусымның 23-нен 24-не қараған түні тамашалай алады. Планеталар шығыстан оңтүстікке қарай жылжиды. Сонымен қатар бұл күні Шолпан мен Марс планеталарының аралығынан ай орағын көруге болады.

Ай бір планетадан екіншісіне маусымның соңына дейін жайлап ауысады. Астрофизиктердің айтуынша планеталардың келесі үлкен шеруі 2040 жылдың 8 қыркүйегінде өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама