×

ШҚО-да екі альпинист қаза тапты

Қайғылы оқиға 3 мың метр биіктікте болған

 Халық үні 23.06.2022 | 19:26
Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданындағы Белуха тауында 4 альпинист қар көшкінінің астында қалды. Бұл туралы ШҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

23 маусым күні сағат 10 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Көккөл көлі ауданындағы Белуха тауында 4 альпинист туристердің тауға шығу жолын нығайту жұмыстарын жүргізу кезде қар көшкінінің астында қалды деген шақырту түскен. Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған. Екіншісі 1988 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматы. Сондай-ақ 1990 жылы туған бағы бір азамат зардап шеккен. Одан бөлек 32 жастағы бір альпинист аман қалды, – делінген хабарламада.

Жетуі қиын жерлерге ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа шығарды. Ал жарақат алған ер адамға апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Құтқарушылар 3000 метр биіктікте құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемесіне бірнеше рейс жасаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама