Ал рубль бағамы 8,7 теңге болды
Қазақстандық KASE қор биржасында бейсенбі күнгі кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,15 теңге болды.
Шетелдік валюта 10,79 теңгеге қымбаттап, бағамы 465,15 теңгені құрады.
Күндізгі сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 464,81 теңге болған еді. Бұл Ұлттық банктің 24 маусымға белгілеген ресми бағамы саналады. Ал рубль бағамы 8,7 теңге болды.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 463-464 теңгеге сатып алып, 467-470 теңгеден сатып жатыр.