Қазақстанда жаңа банк ашылуы мүмкін
Ол «Астана» халықаралық қаржы орталығында орналасуы ықтимал
Елімізде Qatar National Bank-тің филиалы ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Катардың Қаржы және экономика министрі – Qatar National Bank директорлар кеңесінің төрағасы Әли бин Ахмед Әл Куаримен кездесті. Қос тарап экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Олар банк-қаржы саласындағы екіжақты өзара іс-қимылды жандандыруға, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін барынша күш-жігер жұмсауға, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында Qatar National Bank филиалын ашу мүмкіндігін зерделеуге уағдаласты, - деп жазылған хабарламада.