Halyq Uni логотип
×

Жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдардың жолын кесу керек – президент

Ел ішіне іріткі салатын жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді

 Еркеғали Болатұлы 23.06.2022 | 17:17
Жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдардың жолын кесу керек – президент
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында саяси пікірталасты жамылып, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әрекет ететіндер туралы айтты.

Ел ішіне іріткі салатын жат идеологиялар қоғамға қатер төндіреді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде жұртты заң бұзуға итермелейтін ағымдар өте көп. Олардың жолын кесу үшін басқа да құзырлы органдармен бірлесіп жұмыс атқару керек. Қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан абзал, - деді президент.

Былтыр елімізде қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілген болатын. Бұл қадам азаматтардың конституциялық құқығын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

«Істерді тергеу сапасын арттырады. Сондай-ақ заң нормалары дұрыс қолданылатын болады. Бірақ, жаңа, әділетті Қазақстанды құру үшін қылмыстық процесті одан әрі жетілдіру қажет. Сот төрелігі ашық әрі қолжетімді болуға тиіс. Әділетсіздік жайлаған мемлекет құрдымға кететінін жақсы білесіздер. Бәріне бірдей, әділ әрі түсінікті заңнамасы бар ел ғана мықты болады. Біз барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін қоғам құруымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама