×

ФИФА рейтингі: Қазақстан 114-орынға көтерілді

Ұлттық құрама төрт ойыннан кейін бірден он бір сатыға шықты

 Дастан Жұмабекұлы 23.06.2022 | 16:06
фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА (Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы) рейтингінде 114-орынға көтерілді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңіліссіз сериясы 7 матчқа созылды. Соңғы рет ұлттық құрама 2021 жылдың 14 қарашасында Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатының (2022 жылы) іріктеу сынында Франция құрамасынан 8-0 есебімен ойсырай жеңілген еді.

Сол бір жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1-0 есебімен басым түсті.

Команда тізгінін Магомед Адиев ұстағалы Қазақстан құрамасы 4 матч өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Қазір Ұлттар лигасының С тобында 10 ұпаймен көш бастап, Словакия, Әзербайжан, Беларусь құраламаларынан алда тұр. Қазақстан құрамасы төрт матчта 6 гол салып, қақпасына 2 гол жіберді.

2022 жылдың 23 маусымындағы ФИФА-ның жаңартылған рейтингі:

1. Бразилия — 1838 ұпай

2. Бельгия — 1822

3. Аргентина — 1771

4. Франция — 1765

5. Англия — 1737

6. Испания — 1717

7. Италия — 1714

8. Нидерланды — 1680

9. Португалия — 1679

10. Дания — 1665

..........

51. Словакия — 1440

96. Беларусь — 1227

113. Сьерра-Леоне — 1168

114. Қазақстан — 1166

115. Гвинея-Бисау — 1165

128. Әзербайжан — 1127.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама