Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында 20 жыл құлдықта болған ресейлік босатылды

Ресейлік азаматты зорлықпен ұстаған жергілікті тұрғын ұсталды

 Халық үні 17.11.2021 | 12:09
Қарағанды облысында 20 жыл құлдықта болған ресейлік босатылды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы Ақжал ауылында 20 жыл бойы құлдықта жүрген 44 жастағы ресейлік азамат босатылды.

Ярославль облысының (Ресей – ред.) тумасы 20 жыл бойы Қарағанды облысы Шет ауданында қыстақта құлдықта болған, деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ресейлік азаматты зорлықпен ұстаған жергілікті тұрғын ұсталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша (бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде өзін Ресейдің Ярославль облысының тумасы Алексей Котов деп таныстырып, көмек сұраған ер адамның видеосы тарады.

Мама, папа, мен жиырма жылдан бері тұтқында жүрмін, Қазақстаннан кетуге көмектесіңдер, - дейді ол видеода.

Ол сондай-ақ Қарағанды облысы Ақжал ауылындағы Мұхтар қыстағы мен сол жердің иесінің атын атайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама