×

Білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция құю төмендеді – СІМ

Қазақстанға ең көп инвестиция тартқан елдердің үздік үштігіне Нидерланды, АҚШ, Швейцария енді

 Дәурен Ерболат 23.06.2022 | 10:11
Фото: inbusiness.kz

2021 жылы білім беру, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау салаларына инвестиция құю төмендеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан шетелдік инвестиция ағыны бойынша (46%) Орталық Азияда көш бастап тұр. Соңғы 5 жылда елімізге жыл сайын 20 млрд-тан аса доллар инвестиция тартылған.

«Әлемдегі пандемия салдарынан және 2020 жылғы ерекше жағдайға байланысты әлемде инвестиция ағыны 35%-ға азайды. 2021 жылы инвестиция ағыны қалпына келіп, Қазақстан 23,7 млрд долларды тарта отырып, 37,7% өсімді көрсетті. Инвестициялық саясаттың жаңа тұрыжымдамасына сәйкес тікелей шетелдік инвестиция ағыны 2026 жылға қарай 25,5 млрд доллар болуы керек», - деді вице-министр.

Алмас Айдаров елімізге ең көп инвестиция құйған мемлекеттерге тоқталды.

Жалпы 2021 жылы Қазақстанға негізгі инвестиция ретінде Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Ресей, Қытай, Бельгия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Түркия, Франция кірді. Соңғы елді қоспағанда, олардың барлығында өсім байқалды, - деді министрдің орынбасары.

Барлық негізгі сала бойынша да өсім байқалған: тау-кен өнеркәсібі – 18,3%, өңдеу өнеркәсібі – 65,4%, сауда – 46,7%, қаржы және сақтандыру қызметі – 57,2%, құрылыс – 37,8%.

Алайда инвестицияның төмендеуі білім беру, денсаулық, сумен жабдықтау салаларында байқалды, - деді Алмас Айдаров.

Ол былтыр шетелдік инвестиция тарту бойынша нысаналы көрсеткіштер 11 өңір бойынша орындалғанын және асыра орындалғанын атап өтті.

«Жоғары өсімді Түркістан, Маңғыстау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы көрсетті. Нысаналы көрсеткішке қол жеткізбеу Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында тіркелді», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ноғаев сөгіс жариялаған Ақтау қаласының әкімі қызметінен кетті

Ақтау қаласының жаңа әкімі тағайындалды
03.10.2022 | 12:03

Антикордың қызметкеріне қару кезенген полиция майоры ұсталды

Ішкі істер органының шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
03.10.2022 | 11:47

61 жаста: Президент сайлауына түсетін тағы бір үміткер белгілі болды

«Аманат» кәсіподақтар достастығы президент сайлауына өз кандидатын ұсынды
03.10.2022 | 11:22