Осы бағыт бойынша жолаушылар күн сайын ұшатын болады
Алматы - Бішкек бағыты бойынша жаңа рейс ашылды.
Бұл туралы Бішкек әуежайының ресми сайты хабарлады.
Рейстерді қырғызстандық «Авиа Траффик» тасымалдаушысы орындайды. Осы бағыт бойынша жолаушылар күн сайын ұшатын болады.
Бұған дейін 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Бішкек бағыты бойынша рейстер ашылғаны белгілі болды. «FlyArystan» лоукостері аптасына екі рет - дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.
Қазір Қазақстаннан Қырғызстанға аптасына сегіз рейс ұшып жүр. «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы - Бішкек бағыты бойынша аптасына сегіз рет ұшады.