×

Еуропадағы алауыздық: Украина ЕО-дан Грузияға кандидат мәртебесін бермеуді талап еткен

«Слуга народа» партиясының өкілі егер Грузия кандидат мәртебесін алса, Украина билігінің қатты көңілі қалатынын айтып, қыр көрсеткен

 Қанат Атаманов 23.06.2022 | 07:30
Фото: ашық дереккөздерден

Өткен аптада Еуропалық комиссия Киев пен Кишиневті Еуропалық Одаққа кіруге үміткер мәртебесін беруді ұсынған болатын. Сондай-ақ, белгілі бір талаптарды орындағаннан кейін Тбилиси де осындай мәртебеге ие бола алады. Алайда, соңғы уақытта үміткерлер арасында алауыздық өршіп бара жатқандай.

Грузия үкіметінің басшысы Иракли Гарибашвили парламентте сөйлеген сөзінде Украина саясаткерлерінің Грузияның Еуропалық Одаққа қосылуға үміткер мәртебесін алуына кедергі келтіріп жатқанын хабарлады.

Иракли Гарибашвилидің айыптаулары ең алдымен Украинаның «Слуга народа» партиясының фракция жетекшісі Дэвид Арахамияға қатысты. Атап айтқанда, Грузия Министрлер кабинетінің басшысы Батыс елдеріне ұйымдастырылған іс-сапарлары кезінде украиналық саясаткерлердің Грузияның ЕО-ға кіруге үміткерлер тізіміне қабылданбауын талап еткені белгілі болған.

Украиналық саясаткерлер іс жүзінде Еуроодаққа ультиматум қойған. Бүгіндері бұл елде болып жатқан әскери қақтығыстарға қатысты әлемнің көптеген елдері Украинаға қаржылай және материалдық қолдау білдіріп жатқаны белгілі. Олар да ЕО-ға кіруге ниетті. «Слуга народа» партиясының өкілі егер Грузия кандидат мәртебесін алса, Украина билігінің қатты көңілі қалатынын айтып, қыр көрсеткен, - деді Иракли Гарибашвили.

Премьер-министрдің айтуынша, тек Украина билігі ғана емес, сонымен бірге грузиялық оппозиция өкілдері де елдің ЕО-ға кандидат мәртебесін алуына жол бермеу үшін шаралар қабылдаған.

Айта кетсек, Киев пен Тбилисидің қарым-қатынасы Грузияның ел экономикасына зиян келтіруі мүмкін Ресейге қарсы санкцияларға қосылудан бас тартқаннан кейін күшейе түскен. Бұдан кейін Украина бұл елдегі өз елшісін шақыртып алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама