Жеңіл жарақат алған 15 адам дәрігерлердің бақылауында
Елдің солтүстігінде орын тепкен Тяньцзинь қаласында газ жарылып, 23 адам зардап шекті. Бұл туралы елдің жергілікті төтенше жағдайлар бюросы мәлімдеді.
Апат сейсенбі күні Тяньцзинь порт мегаполисінің Баоди ауданында болған. Жарылыс салдарынан 23 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ауыр халде күйік шалған үш адам ауруханаға жеткізілген. Жеңіл жарақат алған 15 адам дәрігерлердің бақылауында. Қалған бесеуі медициналық мекемеден шығарылды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа заңсыз құрылыс салдарынан газдың ағып кетуі себеп болған.