Halyq Uni логотип
×

Тағы бір генерал-лейтенант қамауға алынды – ҰҚК

Дархан Ділманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры қызметінен сәуір айының басында босатылған болатын

 Қанат Атаманов 22.06.2022 | 20:40
Тағы бір генерал-лейтенант қамауға алынды – ҰҚК
Фото: tengrinews.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды.

22 маусымда ҰҚК жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Қазақстан – Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Д.Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н.Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды, – делінген комитет таратқан хабарламада.

Айта кетсек, Дархан Ділманов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры қызметінен сәуір айының басында босатылған болатын. Бұл қызметті 2015 жылдың шілдесінен бастап атқарған ол 1998-2015 жылдары ҰҚК Шекара қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Ал 2020 жылы оған Президенттің жарлығымен генерал-лейтенант атағы берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама