×

«Жұмысты толық қамтамасыз етуге қаражат жоқ екенін мойындауымыз керек» – Абаев

Қазіргі уақытта 495 мың бала 15 мыңнан астам үйірме мен секцияға барады

 Қанат Атаманов 22.06.2022 | 21:30
Фото: ашық дереккөздерден

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Art Sport балалар спорт секциялары бағдарламасына қатысты жағдайды айтты.

Қазіргі уақытта осы бағдарламаны қаржыландыру мәселесі өзекті. Өкінішке қарай, жұмысты толық қамтамасыз етуге қаражат жоқ екенін мойындауымыз керек. Расталған ваучерлер үшін қаражат іздестірілетінін мәлімдейміз. Қазіргі уақытта 495 мың бала 15 мыңнан астам үйірме мен секцияға барады. Оған 32 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін қажет қосымша сомы - 97 миллиард теңге, - деді министр ОКҚ брифингінде.

Дәурен Абаевтың айтуынша, бағдарлама жұмысын жалғастыратын болады. 

«Бағдарлама жабылады деген барлық әңгіменің ешқандай негізі жоқ. Қазіргі сәтте мақұлданған және расталған барлық ваучер төленетінін атап өткім келеді. Өңірлер бұған қажетті қаражат бөледі. Мысалы, Алматы әкімдігі бұл мақсатқа 4 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсады», - деді Дәурен Абаев.

Еске салсақ, Президент балаларды бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту, спорт секцияларын ашу және шығармашылық үйірмелердің қызметін қайта бастау міндетін қойғаннан кейін 2020 жылы балалар омбудсмені Аружан Саин балалар спорты мен шығармашылығын дамыту жобасының бастамашысы болған еді. Алайда, наурыздың басында Алматы облысында тегін балалар секцияларын бюджеттен қаржыландыру тоқтатылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Манту орнына БЦЖ: министр екпеден зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті

Балалар қысқы демалыста «Бурабай» санаторийінде сауықтырудан өтеді
01.12.2022 | 16:16

«Мақсатымыз – эмоционалдық қолдау»: Кез келген адам балалар үйінде тәлімгер бола алады

Қазақстанда 4 мыңнан астам бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр
01.12.2022 | 16:06

Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр
01.12.2022 | 15:58

Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды

Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
01.12.2022 | 15:52