×

Нұрәлі Әлиевтің лоббиі: Іздеуде жүрген экс-шенеунік LRT ісіне қатысты тың дерек жариялады

АҚШ-та жүрген экс-шенеуніктің қолына LRT жобасы бойынша бірқатар тың құжат түскен

 Қанат Атаманов 22.06.2022 | 20:30
Фото: Нұрдәулет Әбікеев

Astana LRT қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп, халықаралық іздеу жарияланған Қанат Сұлтанбек Facebook парақшасында елордадағы жеңіл рельсті жол құрылысына қатысты сол кездегі Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиевтің BRT жобасын тоқтатып, оны LRT жобасына алмастыруға ықпал еткені (лобби) туралы жазды. 

АҚШ-та жүрген экс-шенеуніктің қолына LRT жобасы бойынша бірқатар тың құжат түскен.

Astana LRT жобасы осыдан үш жыл бұрын – 257 млн доллар ұрланғаннан кейін тоқтады. Ал осы жоба бойынша жазықсыз сотталған азаматтар әділдік орнайтын күнді тосып түрмеде отыр, - деп жазды Қанат Сұлтанбек. 

Экс-шенеуніктің айтуынша, бұл жобадағы шикіліктің бәріне Астана қаласының бұрынғы әкімі Әділбек Жақсыбеков пен оның ұлы Дәурен Жақсыбеков жетекшілік еткен, ал ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов «қылмысты» бүркемелеуге көмектескен.

Айта кетсек, Astana LRT жобасын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын жымқырды деген қылмыстық іс бойынша «Астана LRT» (қазіргі атауы City Transportation Systems) компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан (Астана) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке «қызыл бюллетень» бойынша халықаралық іздеу жарияланған.

Бүгінде Талғат Арданның Түркияда жүргені анықталып, сот оны қамауға алу үшін сырттай санкция берді. Қазір Түркияның мемлекеттің құқық қорғау органдары оның орналасқан жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Ал Қанат Сұлтанбековтің АҚШ аумағында екендігі анықталды. Оны ұстау және экстрадициялау туралы өтініштер бірнеше рет жолданған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама