×

Президент Қонаев қаласына ерекше мән беруді тапсырды

Алматы облысының әкімі барлық салаға көңіл бөлінетінін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 17:06
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ол Президентке облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен даму перспективалары жөнінде айтып берді.

Облыс әкімінің айтуынша, қазір облыстың экономикасында оң өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласының даму көрсеткіші – 102,8, өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 105,2, сауда – 103, құрылыс – 114,3 пайызға артқан. Облыс әкімдігі жыл соңына дейін осы қарқынды сақтап қалуға ниетті.

Президент азаматтардың сенімін ақтау, сондай-ақ облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту үшін нақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап айтты.

Мемлекет басшысына әкімшілік-аумақтық реформалардан кейінгі жаңа мүмкіндіктерді ескере отырып, Алматы облысы мен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына өзгерістер енгізілетіні жөнінде ақпарат берілді. Әкімнің айтуынша, құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, сауда және туризм сияқты экономиканың инвестициялық тартымды секторларына ерекше көңіл бөлінеді.

Марат Сұлтанғазиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс орталығын Қонаев қаласына көшіру жұмыстары жөнінде баяндады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралар жөнінде есеп берілді.

Президент жаңа әкімге облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, үш ауысымдық мектептерге, ирригациялық жүйелерді жаңартуға, медицина және қоғамдық көлік мәселелерін шешуге қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Қазпоштаға» жаңа басшы тағайындалды

Ол шетелде жауапты қызметтер атқарған
03.10.2022 | 10:46

Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды
03.10.2022 | 10:40

ШҚО мен Ұлытау облысы - білім алмаған немесе тұрақты жұмысы жоқ жастар саны бойынша көш бастап тұр

Елімізде білімі бар 15 пен 28 жас аралығындағы жастар саны - 3,24 млн адам
03.10.2022 | 10:31