Ауғанстандағы жойқын жер сілкінісі: 1 мыңнан аса адам көз жұмды
Билік тұрғындарға көмексету үшін 1 млн доллар бөлді
Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі салдарынан 1 мыңнан аса адам қаза тауып, 1500-ден аса адам зардап шекті. Бұл туралы Пактия провинциясы мәдениет және ақпарат бөлімінің басшысы Амин Хузайфа айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Бізде 1 мыңна аса тұрғын қаза тауып, 1500-ден аса адам зардап шекті. Көптеген ауыл қирады, - деді Амин Хузайфа.
Билік жер сілкісінен зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.
Талибан өкілі (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Билал Каримидің айтуынша, Ауғанстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Мұхаммад Хасан Ахунд жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін 1,1 млн доллар бөлген.
«Премьер-министр жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 млрд афгани (1,1 млн доллардан аса қаржы) көлемінде ақшалай көмек көрсетеді», - деп жазды Билал Карими әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ Мұхаммад Хасан Ахунд тиісті ведомстволарға зардап шеккендерді тамақпен, киіммен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін шұғыл тапсырма берді.
Осыған дейін АҚШ-тың геологиялық қызметі (USGS) Ауғанстанда 6,1 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған. Салдарынан Пактика және Хост провинцияларындағы үйлер қираған.
«Талибан» қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахундзада халықаралық қоғамдастық пен гуманитарлық ұйымдарды Ауғанстанға көмектесуге шақырған.