×

Мемлекет меншігіне 140 мың гектардан астам жайылым қайтарылды

Олигополиямен тоқтаусыз күрес болады

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 16:01
фото: sputnik.kz

«AMANAT» партиясы 140 мың гектардан астам жайылымды мемлекеттік меншікке қайтаруға үлес қосты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров айтты.

Ол «AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесімен айналысып келе жатқанын, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылым жерді қайтаруды және оларды ауыл тұрғындарына қолжетімді етуді тапсырғанын атап өтті.

Партия хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек «AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдағы тірегі ретінде Мемлекет басшысы тапсырған мәселені шешуге атсалысатынын баса айтып өтті. Оның айтуынша, соңғы бірнеше айда комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, - деді ол.

Ол партия хатшысы айтқандай, «Жер аманаты» комиссиясының міндеті – пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді, заңсыз жеке меншікке өткен жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруға көмектесу және ауыл тұрғындарына қолжетімді ету екенін, сол себептен орталық, аудандық, өңірлік деңгейдегі олигополиямен тоқтаусыз күресетінін атап көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Иесі қарапайым адам емес...». Өскеменде 6 жасар қызды алабай талап өлтірген

Мамандар оған бұралқы емес, иесі бар иттің шабуылдағанына сенімді
29.01.2023 | 14:05

Ақтаудың іргесінде бірнеше иттің өлексесі жайрап жатыр (ВИДЕО)

Жануарларды қорғаушылар мәселеге облыс әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің назар аударуын сұрады
29.01.2023 | 12:35

Украина Қарулы күштері ресейлік 800 сарбазды жойып жіберді

Бахмут, Соледар және Вугледар (Угледар) елді мекендері үшін әлі кескілескен ұрыс қимылдары болып жатыр
29.01.2023 | 11:41