Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда ПИК-тер тағы бір жыл жұмыс істейтін болды

Депуттар заң жобасын бір ауыздан қабылдады

 Дәурен Ерболат 22.06.2022 | 13:36
Қазақстанда ПИК-тер тағы бір жыл жұмыс істейтін болды
Фото: liter.kz

Елімізде мүлік иелері бірлестігін (МИБ/ОСИ) құру 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды. Мәжіліс тиісті заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қаралды.

Құжатты Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі, депутат Дүйсенбай Тұрғанов таныстырды.

Заң жобасында пәтер иелері кооперативтері (ПИК/КСК) мен кондоминуимдардың орнына мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ/ОСИ) немесе жай серіктестіктерді (ЖС) енгізу процедурасын 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қалдыру ұсынысы да болды. Депутаттар құжатты бірауыздан қабылдады.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы тұрғын үйлердің жартысы ОСИ-ге көшуге дайын емес екенін хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама