Halyq Uni логотип
×

Украина мен Ресей алақандай арал үшін шайқасып жатыр

Змеиныйдың екі ел үшін де стратегиялық маңызы өте зор

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 13:09
Украина мен Ресей алақандай арал үшін шайқасып жатыр
фото: apostrophe.ua

Украина әскерилері Змеиный аралындағы Ресей басқыншылары орналасқан нысандарды дәл көздеп, зор шығынға ұшыратты. Бұл туралы gordonua.com хабарлады.

Бүгін Украина Қарулы күштерінің «Оңтүстік» жедел командованиесі қарсы шабуылға шығып, Ресей әскері «арал гарнизоны» деп атап жүрген әскери топқа әртүрлі күштер мен тәсілдерді қолдана отырып, ауыр соққылар бергенін хабарлады.

Алайда, украин әскерилері бұл әскери операция әлі жалғасып жатқандықтан, ақпараттық жағынан әзірге тыныштық керектігін атап өтті.

Ресей әскері Қара теңіздегі, Одесса қаласына жақын маңдағы Змеиный аралын уақытша басып алған болатын.

Украина әскерлері арал мен оның маңында ресейліктердің әскери техникаларын, атап айтқанда, «Стрела-10» зенит-ракета кешендері мен байланыс машиналарын, «Раптор» және «Серна» типті катерлерін, сондай-ақ бір тікұшағын жойып жібергендерін мәлімдеді.

Змеиный аралының Украина үшін де, Ресей үшін де стратегиялық маңызы өте зор.

«Аралға ие болған жақ кез келген уақытта Украинаның түстігі бағытындағы азаматтық кемелердің жолын жауып тастай алады. Змеиный аралы – Украинаның территориясы, біз оны өзіміз үшін қаншалықты қиынға түскеніне қарамастан, қайтарып аламыз», – деді Украина Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама