Ол сайттың дизайнын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті
Электронды үкімет порталы халыққа түсінікті. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«eGov.kz-ты түсініксіз деп айтуға болмайды. Бүгінде оның 10 миллионнан аса қолданушысы бар. Бірақ оны түсінікті ету үшін күнделікті жұмыс жасап жатырмыз. Арнайы жұмыс топтары бар. Олардың құрамына сіздерді (журналистерді) қосуға болады. Менің ойымша, eGov.kz түсініксіз болса, бүгінде 10 миллионнан аса халық оны қалай пайдаланып жүр? Олар біздің жүйемізге кіріп, цифрлық құжаттарды пайдаланады және тағы басқа қызмет түрлерін алады. Мен сізге статистиканы алып берейін», - деді министр Мәжіліс отырысынан соң сұрақ қойған тілшіге.
Ол электронды үкімет порталының дизайны өзгеретінін жеткізді.
«eGov.kz адамдарға жағымды болуы үшін оның дизайнын өзгертеміз және онда қазақ тілін дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Бағдат Мусин.