Қазір ҰҚК-нің 7 экс-басшысы жауапқа тартылып жатыр
Асқар Әмірханов Мәжілістегі жалпы отырыстан кейін журналистерге берген жауабында айтты
Қаңтар оқиғасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің орынбасарлары мен 4 департамент басшысы жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы, оның орынбасарлары және облыстық департаменттерді басқарған бірнеше қызметкер, яғни тағы төрт департамент басшысы бар. Олар – Қызылорда, Алматы облыстары және Алматы қаласының департамент басшылары және бесінші департаменттің бұрынғы басшысы. Барлығы 7 адам жауапқа тартылып жатыр, - деді Асқар Әмірханов Мәжілістегі жалпы отырыстан кейін журналистерге берген жауабында.
ҰҚК-нің бұрынғы 4 департамент басшысына қатысты қандай баптар бойынша іс қозғалды деген сұраққа ол: «Сол баптар бойынша және тағы әрекетсіздігі мен салғырттығы үшін», - деп жауап берді.