×

ҰҚК төрағасының орынбасары Кәрім Мәсімовтің тағы қанша уақыт ұсталатынын айтты

Сот ашық немесе жабық түрде болады

 Дәурен Ерболат 22.06.2022 | 11:57
Кәрім Мәсімов, фото: ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті ұстау мерзімін ұзарту нақты күзде белгілі болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан ҰҚК төрағасының орынбасарына журналистер «Кәрім Мәсімовті қамау мерзімі қашанға дейін ұзартылуы мүмкін?» деген сұрақ қойды.

Менің ойымша, бұл күзге таман нақты белгілі болады. Істің материалдары жариялауға жатпайды. Олар құпия болып саналады. Сот органдары соттың ашық немесе жабық өткізілуін шешеді, - деді Асқар Әмірханов.

Бұның алдында оны қамауға алу мерзімінің тағы екі айға ұзартылғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама