Қазір ол Қазақстанда болуы мүмкін
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен жауап алынады. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов мәлімдеді.
«Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Осы орайда ол сонда болуы керек», - деді ҰҚК төрағасының орынбасары.
Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылық құрамы қамауға алынды. Нақтырақ айтқанда, ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов, оның орынбасарлары - Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Өсіпов қазір қамауда отыр.
Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты іс Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр.
Аты аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс «өте құпия» деген белгімен тергеліп жатыр.