Halyq Uni логотип
×

Алматыда күмәнді дәрілік препараттар әзірлеген қылмыстық топ мүшелері сотталды

Тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады

 Халық үні 17.11.2021 | 11:46
Алматыда күмәнді дәрілік препараттар әзірлеген қылмыстық топ мүшелері сотталды
фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласында жалған дәрілік препараттарды дайындау бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар

Жедел іс-шара барысында 60 мыңнан астам қапталған «Ротоцеф», «Солкасерил», «Кальций Д3 никомед», «Цераксон» және т. б. сауда атауларымен шыққан күмәнді дәрілік препараттар тәркіленді.

Департамент қызметкерлері дәрілік препараттарға арналған қорапшалар дайындайтын баспахана және заңсыз өнімдерді сақтауға арналған қойма, сондай-ақ одан әрі тексеру барысында Алматы облысының Іргелі кентіндегі астыртын жұмыс істейтін цех қызметін анықтады.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген дәрілік препараттардың жалпы құны 250 млн теңгеден асады.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 1-бөлігі (ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу); ҚР ҚК 323-бабы 3-бөлігі (жалған дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен немесе медициналық техникамен жұмыс істеу) бойынша кінәлі деп танылды оларға 5,6 жылдан 7,6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама