Болат Жұмабеков үш жылдан астам уақыт шаһарды басқарды
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен отставкаға кетті. Шаһар басшысы отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын әлеуметтік желіде жариялады.
«Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті.
Әріптестерге, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК/Ось төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысымды жеткіземін», - деп жазды.
Болат Жұмабеков 2012 -2013 жылдары аралығында Петропавл қаласының әкімі болып қызмет атқарды. Кейін Қызылжар және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда басшы болды. 2019 жылдың 12 сәуірінен бастап қайтадан облыс орталығына әкім болып тағайындалды.