×

Дәулет Тұрлыханов қырғыздың «Даңк» медалімен марапатталды

Бұл награданы атақты балуанға Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров тапсырды

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 09:10
фото: facebook.com

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күресі кеңесінің басшысы Дәулет Тұрлыханов Қырғыз Республикасы заң шығарушы органының ең жоғарғы грамотасымен және «Даңк» мемлекеттік медалімен марапатталды.

Бұл награданы атақты балуанға Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров тапсырды.

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылы 18 қараша күні Абай облысы Жарма ауданы, Қалбатау ауылында туған.  Грек-рим кұресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес одағының балуаны.

КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бұл атақты ол 2000 жылы алған. Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жарма ауданының құрметіт азаматы.

Қазір Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама