Halyq Uni логотип
×

Қытайдың әскери ұшақтары Тайванның әуедегі қорғаныс аймағын бұзып кірді

Қытай АҚШ-қатТайваньдағы жағдайға араласпауға және аралға әскери қолдау көрсетуді доғаруға шақырды

 Халық үні 22.06.2022 | 07:54
Қытайдың әскери ұшақтары Тайванның әуедегі қорғаныс аймағын бұзып кірді

Тайванның Қорғаныс министрлігі аталған операцияға атқыш әскери ұшақтар, стратегиялық бомбалаушылар, сүңгуір қайыққа қарсы ұшақтар және басқа да Қытай халықтық-азаттық армиясының әуе құралдары қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Аралдың оңтүстік-батысынан H-6 бомбалаушы ұшағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс аймағына (әуе шабуылына қарсы қорғаныс) бірінші болып ілікті. Ол Тайвань көгінде оңтүстік жақтан шығыс жағалауға дейін ұшып, кейін сол бағытта кері оралды. Одан кейін басқа ұшақтар оның істегенін қайталады. Бөтен ұшақты ұстау үшін аралдағылар өзінің әскери ұшағын көкке шығарған. 

10 маусымда ҚХР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі У Цян Бейжің Тайванның тәуелсіз мәртебесін мойындағысы келмейтінін және өзінің геосаяси мүдделері үшін күресетінін айтты. Сол кезде ол ҚХР қарулы күштері ұлттық егемендік пен территориялық тұтастықты қорғау үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын екенін атап өткен болатын.

Сол күні Қытай қорғаныс бөлімінің қызметкері Тан Кефей АҚШ үкіметін Тайваньдағы жағдайға араласпауға және аралға әскери қолдау көрсетуді доғаруға шақырды.

Бұған дейін, 23 мамырда АҚШ президенті Джо Байден «басқыншылық жасалған жағдайда» Тайваньды қорғау үшін әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама