×

Болат Назарбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне шағым түсті

 Халық үні 22.06.2022 | 01:58
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның қаржы мониторинг агенттігі «Karuan компаниясын рейдерлік жолмен тартып алғаны» туралы шағым түскенін растады. 

«БАҚ өкілдерінен түскен сұрауларға 2022 жылдың 17 маусымында Алматы қаласы прокуратурасынан Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне Н.Какеновтен «KARUAN» ЖШС-нің рейдерлік жолмен алынғаны туралы шағым түскенін хабарлаймыз. Өтініште көрсетілген дәлелдер тексеруге жатады, оның нәтижелеріне құқықтық баға беріледі», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін бизнесмен Нұрша Кәкенов «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бизнесімді тартып алды» деп шағымданғаны, шағым бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама