Со үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ
Басқарманың үш қызметкеріне алаяқтық, мемлекетке шығын келтіру және жемқорлыққа жол беру баптары бойынша іс қозғалған еді
5 бап бойынша істі болған Шымкенттегі білім басқармасының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу 2021 жылы басталды. Содан бері қамауда отырған күдіктілерге қатысты сот үкімі 2022 жылдың 14 мауысымында шықты.
Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Айгүл Текебаева өз қызметіне салғырт қарап, салдарынан мемлекетке 122 926 028 теңге шығын келтірді деп айыпталған еді. Экс-орынбасар мұндай әрекетке 2019 жылдың қаңтарынан бастап желтоқсанына дейін жол берген.
Сот кезінде мемлекеттік айыптаушы Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарған тұлғаға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда, тағылған айып дәлелденбей, Айгүл Текебаева ақталып шықты. Қала берді, Шымкент қаласындағы білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары 2021 жылы рақымшылыққа іліккен.
Мемлекетке 130 млн теңгеге жуық шығын келтірді деген күдікке ілінген бұрынғы лауазымды тұлға енді 3 жылға жуық мемлекеттік мекемеде басшы бола алмайды.
Ал, Білім басқармасының бас маманы М.Айкозов жазадан құтыла алмады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жалған актпен (278 400 952 теңге) алаяқтық жасады деген маман 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Прокурор Айкозовты да 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.
Ал 2 млн теңге көлемінде жемқорлыққа жол берді деп айыпталған Э. Дүйсенқызы 3 жылға сотталды.